Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар бағасы қайта өсті

11.05.2022 20:58

Доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы - 434,47 теңге

www.chicagobusiness.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,86  теңгеге көтеріліп, 442,44 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы - 434,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 441,5 теңге, сатылым - 445 теңге.