Доллар бағамы төмендеді

19.05.2023 20:58

19 мамырдағы ресми бағамы - 449,19 теңге

mobillegends.net

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 448,31 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 мамырдағы ресми бағамы - 449,19 теңге.

Kurs.kz мәлімеітнше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,47 теңге, сату - 449,58 теңге.