Қор нарығында доллар 6 теңгеге арзандады

20.05.2022 21:09

20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 41 теңге

1zoom.ru

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 6, 04 теңгеге арзандағанын көрсетті. 1 доллар 425, 02 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 426, 99 теңге, сатып алу – 431, 76 теңге.