Қор нарығында доллар 477,98 теңге болды

05.08.2022 21:00

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477,98 теңге

ria.ru

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,59 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477,98 теңге. 

Ұлттық банктің 5 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,18 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.