Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

21.10.2022 21:01

21 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,27 теңге

lombardiletter.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,16 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470,60 теңге.

Ұлттық банктің 21 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,27 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Оқи отырыңыз: 21 қазанға арналған валюта бағамы