Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 463, 19 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,90 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 463, 19 теңге.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 454,30 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 465 теңге.