Қор нарығында доллар қымбаттады

25.05.2023 21:02

25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 44 теңге

kazpravda.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446, 65 теңге.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 44 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447 теңге.