Қор нарығында доллар тағы арзандады

29.07.2022 21:08

Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 78 теңге

ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 шілденің кешімен салыстырғанда 1, 77 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 09 теңге болды. 

Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 78 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.