Қор нарығында доллар бағасы сәл қымбаттады

05.09.2022 21:03

5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 47 теңге

bestnews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 27 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 63 теңге. Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.