Қор нарығында доллар бағамы 4 теңгеге төмендеді

02.05.2023 21:03

2 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453, 39 теңге

elements.envato.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449, 15 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453, 39 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448,5 теңге, сатып алу – 451теңге.