Бір АҚШ долларының орташа бағамы 431, 95 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 95 тиынға арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 431, 95 теңге.
Ұлттық банктің 3 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 431,68 теңге, сатып алу – 435,55 теңге.