Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы жұма, 22 шілденің кешімен салыстырғанда 7,38 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 92 теңге болды. Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы – 483 теңге.