Қор нарығында доллар қымбаттады

13.03.2023 21:06

13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге

tpbfico.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 9,65 теңгеге қымбаттап, 456, 66 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 459 теңге.