Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

23.09.2022 21:06

23 қыркүйектегі ресми бағамы - 484 теңге

ru.dreamstime.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 479,85 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 23 қыркүйектегі ресми бағамы - 481,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 480 теңге, сату - 484 теңге.