Қор нарығында доллар бағамы өсті

27.02.2023 21:07

27 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 73 теңге

priorityonepayroll.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,15 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 14 теңге.

Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 73 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны 5,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 450 теңге.