Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

26.10.2022 21:09

26 қазандағы ресми бағамы - 472,93 теңге

think.ing.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 471,32 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 қазандағы ресми бағамы - 472,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471 теңге, сату – 474,5 теңге. 

Оқи отырыңыз: 26 қазанға арналған валюта бағамы