Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

22.08.2024 21:09

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сату бағамы - 479,8 теңге

elements.envato.com

22 тамыздағы күнделікті сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге көтеріліп, 479,08 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 22 тамыздағы доллардың ресми бағамы 475,7 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 479 теңге, ал сату – 479,8 теңге.