13 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469,93 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 469,35 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469,93 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 472,5 теңге, сатып алу – 469,5 теңге.
Оқи отырыңыз: 13 желтоқсандағы валюта бағамы