Қор нарығында доллар төмендеді

17.10.2022 21:13

Доллардың 15-17 қазандағы ресми бағамы - 476,89 теңге

m.123ru.net

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15-17 қазандағы ресми бағамы - 476,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,94 теңге, сату – 478,63 теңге.