Қор нарығында доллар арзандaды

28.07.2022 21:16

28 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 480,16 теңге

promdevelop.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 шілденің кешімен салыстырғанда 1,20 теңгеге төмендеп, 1 доллар 478, 78 теңге болды. Ұлттық банктің 28 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 480,16 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 478 теңге, сатып алу – 483,15 теңге.