26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,97 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,10 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,97 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 468 теңге, сатып алу – 464 теңге.
Оқи отырыңыз: 26 желтоқсандағы валюта бағамы