Доллар бағасы арзандады

11.11.2022 21:16

11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469, 42 теңге

vbr.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6,72 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 01 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469, 42 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 469 теңге.