Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

14.07.2022 21:30

Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 91 теңге

my.wealthyaffiliate.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2, 44 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 478, 39 теңге.

Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 481,50 теңге.