Доллар бағамы төмендеді

17.08.2022 21:19

17 тамыздағы ресми бағамы - 476,58 теңге

cronos.asia

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге төмендеп, 476,20 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 17 тамыздағы ресми бағамы - 476,58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 476 теңге, сату - 480 теңге.