15 тамыздағы ресми бағамы - 476,01 теңге.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 18 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 480 теңге.