Мерекелік құбылыс: Қазақстанда доллар бағамы қалай өзгеруде

29.12.2023 21:23

Ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 460 теңгеден сатып жатыр

Фото: elements.envato.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, 29 желтоқсанда доллар бағамы –  454,56 теңге болып, 0,87 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Ұлттық банкінің 29 желтоқсандағы ресми бағамы 453,64 теңгені құрайды. 

Қаланың ақша айырбастау пункттерінде  америкалық валютаны  460 теңгеден сатып жатыр. Долларды 457 теңгеге сатып алуға болады.