Қор нарығында доллар бағамы 10 теңгеге арзандады

24.03.2022 22:10

Доллардың орташа бағамы 9,93 теңгеге төмендеп, 495,43 теңгені құрады

ФОТО ЖАНАРЫ КАРИМОВОЙ

Қор нарығында доллар бағамы 10 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 9,93 теңгеге төмендеп, 495,43 теңгені құрады. Айта кетейік, таңғы саудада доллар бағамы 501,49 теңге болды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу құны – 491,08 теңге, сату құны – 496,43 теңге.