Доллар бағамы төмендеді

20.06.2022 21:34

Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,87 теңге

ru.depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,16  теңгеге түсті. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,75 теңге. Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,87 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 448 теңге.