Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

27.07.2022 21:37

Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге

steemitimages.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,61 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 480,16 теңге болды. 

Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге.