Қор нарығында доллар бағамы 481 теңге болды

20.07.2022 21:39

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге

newspotok.ru

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге. 

Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге.