Доллар бағамы төмендеді

04.05.2022 21:41

4 мамырдағы ресми бағамы - 441,64 теңге

ru.bitcoinethereumnews.com

Доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,80 теңгеге төмендеп, 436,85 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 4 мамырдағы ресми бағамы - 441,64 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 440,18 теңге, ал сатылым - 443,59 теңге.