Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

21.08.2024 21:51

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сату бағамы - 476,81 теңге

elements.envato.com

21 тамыздағы күнделікті сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,92 теңгеге төмендеп, 475,70 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 21 тамыздағы доллардың ресми бағамы 476,81 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 478 теңге, ал сату – 479,8 теңге.