Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

01.08.2023 22:08

1 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 07 теңге

ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 04 теңге болды.    

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.      

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 07 теңге болды.