Қор нарығында доллар арзандады

18.05.2022 22:30

18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,79 теңге

uz.sputniknews.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандады. 1 доллар 432,70  теңге болды. Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,79 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 438,5 теңге, сатып алу –  434,5 теңге.