Алматы мен Астанада 7 шілдеде доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр

07.07.2025 10:36

Сағат 10.30-дағы валюта бағамы

Аlmaty.tv

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 7 шілдеде доллар бағамы – 519.51 теңге, еуро – 611.83, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Астананың ақша айырбастау пункттері долларды  518 теңгеден, еуроны 607 теңгеден сатып, долларды 524, еуроны 614 теңгеден сатып алып жатыр.

Ал Алматыдағы ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны 520 теңгеден, еуроны 608 теңгеден сатып, долларды  521.5, еуроны 612 теңгеден сатып алып жатыр.