Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр
Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы күрт көтеріліп кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазіргі кезде доллар бағамы 520 теңгеге дейін көтерілген.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бір доллардың құны 516-520 теңге аралығында. Тіпті мегаполистің кейбір ақша айырбастау пунктінде 522 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 1 еуроның бағасы 540 теңгеге жетті, орташа баға 538,5 құрайды.
Ұлттық банк 28 қарашада белгілеген доллардың ресми бағамы 499,51 теңге, еуро – 525,38 болды.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі мен валюта айырбастаушылары 28 қарашаға арналған валюта бағамын 499,51 теңге, ал еуро бағамын 525,38 теңге деп жариялаған болатын.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы: елімізде азаматтардың құқығы қалай қорғалып жатыр