Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 490 теңгеге сатылып жатыр
4 қарашадағы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,09-ға көтеріліп, 489,36 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, 4 қарашадағы доллардың ресми бағамы - 488,11 теңге.
kurs.kz хабарлағандай, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды 489 теңгеге сатып алып, 490 теңгеге сатылып жатыр.
Оқи отырыңыз: 4 қарашаға арналған валюта бағамы