Алматыда АҚШ валютасының сату бағасы 514 теңгеге тең
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 13 маусымдағы доллар бағамы 511,77 теңге, еуро – 593,19, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны 510 теңгеден, еуроны 587 теңгеден сатып алып, долларды 514, еуроны 592 теңгеден сатуда.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 508 теңгеден сатып алынуда, еуро 583 теңгеден сатылып жатыр, долларды сату бағамы 514 теңге, еуро 593 теңге.