08:45-тегі соңғы деректер
Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 13 қаңтардағы жағдай бойынша доллар бағамы 509,84 теңге, еуро — 595,75 теңге, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елордадағы айырбастау пункттерінде долларды 509 теңгеден, еуроны 590 теңгеден сатып алады.
Сату бағамы: доллар — 516 теңге, еуро — 600 теңге.
Ал Алматыдағы айырбастау пункттері американдық валютаны 511,5 теңгеден, еуроны 595 теңгеден сатып алып,
долларды 513 теңгеден, еуроны 600 теңгеден сатып жатыр.