12 ақпанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

12.02.2026 09:09

Сағат 9.00-дегі деректер

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 12 ақпанда доллар бағамы 490.58 теңгені, ал еуро 584.77 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордадағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларын 489 теңгеден, еуроны 582 теңгеден сатып алуда. Ал долларды сату бағамы 496 теңге, еуро 592 теңге деңгейінде белгіленген.

Алматы қаласындағы айырбастау пункттері американдық валютаны 492 теңгеден, еуроны 584 теңгеден сатып алып, долларды 496 теңгеден, еуроны 590 теңгеден сатуда.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды