Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 13 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, америкалық валюта тағы да қымбаттады. Доллардың орташа бағамы 463,91 теңгені құрап, бір күнде 2,33 теңгеге өсті, — деп хабарлайды Almaty.tv.
Астана
Елордада доллар мен еуроның сату бағасы өзге қалалармен салыстырғанда біршама жоғары:
Доллар: сатып алу – 461,91 ₸, сату – 468,00 ₸;
Еуро: сатып алу – 540,95 ₸, сату – 550,95 ₸;
Рубль: сатып алу – 6,09 ₸, сату – 6,40 ₸.
Алматыда доллар мен еуро бағамы тұрақтырақ:
Доллар: сатып алу – 464,38 ₸, сату – 466,82 ₸;
Еуро: сатып алу – 543,03 ₸, сату – 548,17 ₸;
Рубль: 6,09 – 6,21 ₸ аралығында саудалануда.
Үшінші мегаполисте де бағам елордаға қарағанда тиімдірек:
Доллар: сатып алу – 464,79 ₸, сату – 466,91 ₸;
Еуро: сатып алу – 543,21 ₸, сату – 547,24 ₸;
Рубль: сатып алу – 6,12 ₸, сату – 6,20 ₸.
Ұлттық банктің бүгінгі күнге белгілеген ресми бағамдары мынадай:
1 доллар – 463,91 ₸;
1 еуро – 544,63 ₸;
1 рубль – 6,26 ₸.