16 ақпанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

16.02.2026 08:49

08:45-тегі соңғы мәліметтер

Depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 16 ақпандағы доллар бағамы – 496.00 теңге, еуро – 588.01 теңге, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 493 теңгеден, еуро 585 теңгеден сатып алынады. Сату бағамы: доллар – 500 теңге, еуро – 595 теңге.

Ал Алматыдағы айырбастау орындары АҚШ валютасын 495 теңгеден, еуроны 587 теңгеден сатып алып, долларды 496,5 теңгеден, еуроны 590 теңгеден сатуда.