21 сәуірде Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

21.04.2026 08:48

Таңғы 08:45-тегі соңғы мәліметтер

Depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 21 сәуірдегі доллар бағамы — 469,49 теңге, еуро — 552,59 теңге, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елордадағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы — 464 теңге, еуро — 547 теңге болса, сату бағамы доллар үшін — 471 теңге, еуро үшін — 557 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындары америкалық валютаны 467,5 теңгеден сатып алып, 470 теңгеден сатуда. Еуроны сатып алу бағамы — 550 теңге, сату бағамы — 554 теңге.