Ұйқыны қандырудың жаңа тәсілі пайда болды

21.01.2024 15:00

Ғалымдар мәселенің шешімін тапты

elements.envato.com

Қазіргі заманда адамдардың көпшілігі ұйқымыз қанбайды шағымданады. Ғалымдар бұл мәселенің шешімін тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі medicalxpress.com сайтына сілтеме жасап.

Дәл осы тақырып аясында 5 мыңнан астам тәжірибе жасаған америкалық ғалымдар ұйқыға жатар алдында жәй ғана жылы ванна қабылдау керек деп кеңес берді. 

Жылы су құйып, ванна қабылдап, ағзаны тынықтырады.

Ғалымдар тез ұйықтап, сергек оянуға көмектесетін тәсіл дәлелдемелерін жария етті. Мақаладағы ақпаратқа сүйенсек, ваннаны ұйқыға жатар алдында 1 жарым сағат бұрын қабылдау керек. Жылы су ұйқыға кету процесін 10 минутқа тездетеді екен.

Ал ұйқысыздық дертінен зардап шегетін жандар тамақтану кезінде жаңғақ, зімбір, қызанақ, қасқыржем, брюссель орамжапырағы, банан, броколли, құлпынай, көк шәй, анар сияқты жеміс-жидек, тағам түрлерін қосып жесе ұйқысыздықтан арылуға болатынын жазған. 

Оқи отырыңыз: Кофені күніне неше рет ішуге болады – дәрігер кеңесі