Ыстық күнде қандай тағамдарды жеуге болмайды

22.07.2025 12:30

Дәрігер кеңес берді

Depositphotos

Күн ыстықта сүт өнімдерін, кремі бар кондитерлік өнімдерді және жұмыртқаны тұтыну қауіпті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы жұқпалы аурулар дәрігері Владимир Неронов ескертті.

Бұл тағамдар өте тез бұзылады, яғни тамақтан улану қаупі өте жоғары. Тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз және көп пісірмеңіз, тағамды бір күнге ғана дайындаған дұрыс, – деді Владимир Неронов.

Ол азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзімін тексеру өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ тексерілмеген көздерден су ішуге болмайтынын ескертті.

Оқи отырыңыз:Қартаюға қарсы жеміс: күніне қанша құлпынай жеу керек