Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты

23.06.2024 16:25

Оның құрамында калий көп

elements.envato.com

Аптап ыстықта құрамындай калий көп жемістер жеу керек. Себебі ыстық кезде ағзада калий жетіспеушілігі туындайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекеттік ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік инспекциясының мәскеулік басқармасының басшысы Нина Зайцева айтты.

- Жазда күн қатты ысығанда адам көп терлеп, салдарынан калий жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Пайдалы заттар жетіспеушілігін қалпына келтіру үшін, мамандар құрамында калий көп балғын жеміс-жидекті жеуге кеңес береді, - дейді Зайцева.

Сонымен қатар маман шабдалы, сары өрік, қарақат, банан мен ананастың құрамында калий көп екенін айтты.

- Дәрумендер кешенін, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы микро және макроэлементтерді алу үшін, олардан жеміс салатын жасауға болады, - дейді маман.

Оқи отырыңыз: Қартаюға қарсы жеміс: күніне қанша құлпынай жеу керек