|
20.01.2024 | 13:36
684

Азық-түліктерді қалай ұзақ сақтауға болады

Маман кеңес береді

 Азық-түліктерді қалай ұзақ сақтауға болады elements.envato.com

Дүкенге жиі бармас үшін үйде азық-түліктің қоры болғаны дұрыс. Алайда, азық-түлік жылдам бұзылып кетпеуі үшін оны ұзақ әрі тиімді сақтаудың мынадай жолдары бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі baribar.kz-ке сілтеме жасап.

Сүт

Егер сүтті ұзағырақ сақтап, кейін тағам пісіру мақсатында қолданбақ болсаңыз, алайда оның ашып кетуінен қорықсаңыз, мұздатып алуға болады. Сүтті өзінің қаптамасында мұздатпақ болсаңыз, біраз сүтті басқа ыдысқа құйып алыңыз. Себебі, сұйықтық бір күйден екінші күйге ауысқан сәтте көлемін ұлғайтады. Жалпы, кез келген сүт өнімдері көп дегенде 6 апта ғана сақталатынын ұмытпаған жөн.

Бананды сақтау

Жемістердің ішінде экзотикалық түрлері жылдам бұзылып кетеді. Бананды ұзағырақ сақтау үшін түптерін тағамға арналған полиэтилен қабықшамен орап тастаңыз. Ал сатып алған банандар езіліп кеткен болса, оны қабығынан тазартып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Кейін оны коктейль немесе десерт жасауға қолдануға болады.

Жасыл пияз

Жасыл пияз ұзақ өмір сыйлау үшін оны суға салып қойыңыз. Суға салмас бұрын қажет емес бөліктерін кесіп тастаған дұрыс. Суға салып қою арқылы жасыл пиязды 2 апта бойы балғын күйінде сақтауға болады.

Алма

Алма кез келген ортада жақсы сақталады. Иісін де, дәмін де жоймайтын жемісті тоңазытқышта айлар бойы сақтауға болады. Алайда, алмалардың арасында кеңістік қалдырып, қағазбен орап қоюға да болады. Қыстың өзінде апорт жеп отырамын десеңіз, жазда алмаларды қағазға орап, жертөледе сақтаңыз.

Оқи отырыңыз: Мұздатқышта қандай тағам түрлерін сақтауға болмайды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир