Алматыда бірыңғай медициналық байланыс орталығы ашылады

12.09.2020 05:05

Қазіргі таңда жоба жүзеге асуда

https://mhealthcongress.ru/

Алматыда телемедициналық орталық құрылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен Алматыдағы ШЖҚ РМК «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы»-ның қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, коронавирус пандемиясымен күресудің тиімді құралы – қызметтерді, оның ішінде медициналық қызметтерді қашықтан алу болып табылатынын атап өткен болатын.

Қатаң карантинге байланысты емханалардың жабылуы және дәрігерде амбулаторлық ем қабылдау мүмкін болмаған кезде алматылықтар қашықтан медициналық көмекке жүгінді.

«Әкімнің тапсырмасы бойынша, Мәскеудегі әріптестеріміз жүзеге асырған тәжірибеге сүйене отырып, біз қоғамдық Денсаулық басқармасымен және Алматы қаласындағы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп телемедицина орталығын құрудамыз. Бұл телемедицина идеясының алаңын дұрыс пайдалана алатын бірыңғай медициналық байланыс орталығы. Қазіргі таңда жоба жүзеге асуда», – деді Б. Қоңырбаев.

Өз кезегінде Гүлнара Ысқақова енгізіліп жатқан «IMEDHUB нейрондық желілер мен медицина» жобасының көмегімен, Алматы тұрғындары дәрігерлерден онлайн кеңесін ала алатындығын айтты.

«Онлайн-кеңес беру кезде пациентте бірнеше мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өзінің учаскелік дәрігерінің кеңесіне жазыла алады. Екіншіден, егер диагноз қоюда қиындықтар туындаса немесе дәрігерде қосымша сұрақтар туындаса, ол кардиология институты базасында құрылған арнайы орталықпен байланыса алады. Онда жетекші мамандар, профессорлар, пульмонологтар, ревматологтар, эндокринологтар бар. Олар консилиум өткізуге көмектеседі және сәйкесінше онлайн режимде мобильді қосымша арқылы сапалы кеңес бере алады», – деді Г. Ысқақова.