Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков алғашқы медициналық-санитариялық көмектің жеке медициналық ұйым жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңесте қала тұрғындарына жеке ұйымдарға бекітілген медициналық қызметтердің сапасы, олардың нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ жеке тұлғаларды тіркеу ережелері қарастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсететін жеке ұйымдар медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге жауапты. Содан кейін жеткізушілер мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасындағы шартта реттеледі.
Алматыда бүгінгі күні 33 жеке МСАК жеткізушісі бар.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық қызметті талдау қорытындысы бойынша кейбір жеке медициналық ұйымдардың нәтижесі негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізбегені анықталды.
Кездесу барысында Иран Шаметеков онкология, туберкулез, жүрек-қан тамырлары аурулары, скринингтік тексерулер, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б. сияқты түрлі аурулар бойынша жеке МСАК ұйымдары нысаналы индикаторларға қол жеткізудің маңыздылығына назар аударды.
«Денсаулық сақтаудағы KPI есептеу жүйесі, оның ішінде МӘМС және ТМККК бойынша халыққа медициналық қызмет көрсететін жеке ұйымдардағы қызметті кешенді бағалаудың оңтайлы өлшемдеріне жауап береді. Негізгі көрсеткіштерге жүйелі түрде қол жеткізе алмайтын ұйымдар «жосықсыз» қатарына енгізілетін болады және олар бойынша ӘМСҚ тарапынан келесі кезеңге оларды қаржыландыру мәселесі туындайтын болады», - деп Иран Шаметеков айтып өтті.
Айта кету керек, бүгінде үшжақты шарт бойынша келісім-шарт әзірленуде, оған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және жеке медициналық ұйым, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да қатысатын болады.
«Жылдан жылға қала бойынша халық санының өсуі байқалады, осыған байланысты стационарлық көмек жүктемесін азайту үшін емханалар деңгейінде жұмысты күшейту қажет. Еуропа елдерінің тәжірибесін енгізу қажет, мысалы, «бір күндік хирургия». МСАК деңгейінде жасалуы мүмкін операциялар бар. Осы ұсыныс туралы ойлануды сұраймын», - деді Басқарма басшысы.
Сондай-ақ, МСАК Денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының мәселелері қаралды. Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап еркін тіркеу науқаны басталды.
Мұнда отбасылық принцип бойынша тіркеудің маңыздылығы атап өтілді, яғни, бір емханада бүкіл отбасына қызмет көрсету, сондай-ақ, қадамдық қолжетімділік, бұл уақыт жағынан өте маңызды, өйткені бұл тармақшаға үйде активке қызмет көрсету мәселесі кіреді.
«Соңғы уақытта тұрғындардан көптеген өтініштер келіп түсуде. - Түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Пациент өз ауданында орналасқан қадамдық қол жетімділікте емхананы таңдауы керек» - дейді емдеу-профилактикалық жұмысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Лайла Иманғалиева.
Сондай-ақ, басқарма басшысы МСАК деңгейінде медициналық қызмет көрсету сапасының нашарлауына жол бермеу өте маңызды екенін тағы да атап өтті.