Алматы және француз дәрігерлері ана мен бала денсаулығын сақтау шараларын талқылады

08.07.2021 13:42

Бүгінде Алматы үшін жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді күту, әсіресе пандемия кезінде өте маңызды

company.medelement.com

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің және Францияның ҚР Елшілігінің қолдауымен, аналар мен балалардың денсаулығын қорғауға, негізінен COVID-19 әсері, реанимациялық шараларды басқару тетіктері, сондай-ақ неонатальды күту ережелері (туылғаннан 28 күнге дейінгі кезең) арналған онлайн вебинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вебинарға Алматы мен Париждегі жетекші ауруханалардың акушер-гинекологтары, неонатологтары, анестезиолог-реаниматологтары қатысты. Перинаталдық күтім саласындағы Францияның жетекші шетелдік мамандары COVID-19 кезінде жүкті әйелдер мен жаңа туылған нәрестелерді перинатальды күту тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасу босандыратын медициналық ұйымдардың практикалық дәрігерлеріне, медициналық ұйымдардың басшыларына және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді күтуді, оларға сапалы медициналық көмек көрсетуді жақсартады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өзінің сөзінде Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесске және француз денсаулық сақтау ұйымы мен Assistance Publique-Hôpitaux de Paris (AP-HP) университетінің ауруханалық орталығы ауруханасы директорының халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Ален Бэрдэге бірлескен іс-шаралар мен вебинар ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Бүгінде Алматы үшін жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді күту, әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.

Алматыда осы бағытта ана мен сәби өлімінің алдын алу бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Жүкті, босанған әйелдерге уақтылы білікті көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды және жұмыс істейді; АМСК деңгейінде қаланың көпсалалы тобы деңгейінде қауіп тобындағы жүкті әйелдер бойынша консилиумдар өткізіледі.

Port Royal – AP-HP перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Оливия Анселем коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін әр түрлі жастағы жүкті әйелдер арасында жүргізілген зерттеудің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды. КВИ жұқтырған жүкті әйелдер үшін асқынулардың арасында преэклампсия болуы мүмкін (бұл жүктіліктің 20 аптасынан кейін дамитын және жоғары қан қысымымен (140 және / немесе 90 мм рт.ст.-ден жоғары), протеинуриямен және жиі ісінумен сипатталатын жүктіліктің асқынуы). Сонымен бірге инфекцияның анадан балаға жұғу жағдайлары туылғанға дейін де, босанғаннан кейін де, яғни туылғаннан кейін де тіркелген.

Сонымен қатар, реанимациялық шараларды басқару және неонатальды көмек көрсету мәселелері қарастырылды. Доктор Эли Хадж Порт Роял және профессор Валери Биран жүкті немесе босанатын әйелдегі бар ауруларды ескере отырып, емдеудің нүктелі әдісін атап өтті.

Вебинардың соңында қатысушылар жүкті әйелдердің қауіп тобына жататындығын және осы санаттағылар, профилактикалық шараларды күшейтудің, қажет болса психологиялық көмек көрсетудің маңызын атап өтті. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау үшін қауіпсіз орта қажет. Сондықтан вирустың ауа-тамшы жолымен жұғуының алдын алу үшін жүкті әйелдердің туыстары мен достарына, сондай-ақ барлық алматылықтарға вакциналану мәселесін кейінге қалдырмау ұсынылды.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев атап өткендей, вакциналаумен мегаполис тұрғындарының 44%-ы қамтылған. Барлық кезең ішінде 548 мың адамға вакцина егілді. Өткен тәуліктерде 14 066 адам вакцина алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарлар мен СОСО 212 екпе пункті (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар) жұмыс істейді. 1260 адамнан тұратын 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.